«Қазавтожол» ҰК» АҚ биыл Астрахань жолындағы төсемнің төменгі қабатымен көлік қозғалысына рұқсат беру жоспарланғанын хабарлады. Бұл Құрманғазы ауданындағы РФ шекарасынан бері 833-893 учаскедегі 60 шақырым жол.
Аталған учаскеде 12 көпір мен 22 су өткізу құбыры салынады. Құрылыс жұмыстарын «СинеМидасСтрой» БК» жүргізеді, техникалық қадағалауды «Тико-1» және «ZS Engineering» компаниялары жүзеге асырады.
Естеріңізге сала кетейік, аталған жол учаскесін қайта қалпына келтіру жұмыстарының құны 23 млрд теңгеге жуық. Ал Атырауға дейінгі жолдың қалған бөлігінде дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА