Атырау, 6 мамыр 13:03
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Шымкентте ер адам балаларын газ баллонмен жарып жібермек болды

2 666 просмотра

Шымкентте мас ер адам екі баласын бөлмеге қамап, газ баллонын жарып жібермек болды, - деп хабарлайды  "Хабар 24".

Мұндай қадамға ол отбасындағы кикілжіңнен кейін барған.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 қазанда сағат 15:45-те болған.

"Учаскелік полицияның "101" пультіне Еңбекші ауданының Айнатас тұрғын үй алабының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 42 жастағы үй иесінің мас күйде суицид жасамақ болғанын анықтады. Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған. Кез келген минутта жарылыс болу қаупі туындады", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам мен апаттар медицинасы орталығы филиалының арнайы бригадасы тартылды.

"Жағдайдың қауіпті екенін түсіне отырып, №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ербол Небесаев жедел әрекет етті. Ол өзге қызметкерлермен бірге бөлмеге жүгіріп кіріп, газ баллонының кранын жапқан. Баллонды далаға шығарып, балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Балалардың жағдайы тексеріліп, оларға медициналық көмек керек еместігі анықталды. Олар анасымен бірге үйінде қалды. Ал үй иесін Еңбекші ауданының полициясы алып кетті", - делінген хабарламада.


18 қазан 2020, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.