Атырау, 18 мамыр 11:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Атырауда екінші толқынға дайындық қалай және спортқа неге тыйым салынды

3 461 просмотра

Атырау облысында қазір 2080 инфекциялық төсек-орын, оның ішінде 120 реанимациялық орын дайындалды. Дәрілік препараттардың екі айға жететін қоры бар. Бұл туралы брифингте Денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхан БАЙДУАЛИЕВ хабарлады.

Оның баяндамасы бойынша, пандемия басталғаннан бері 13 қазанға дейін аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 153 жағдай анықталды. Ал өткен тәулікте – 8 адам тіркелді.

- Өкінішке орай, осы уақыт ішінде біздің өңірде коронавирустан 69 адам, пневмониядан 523 адам қайтыс болды, – деді Байдуалиев.

Оның айтуынша, облыста 520 төсек-орын, соның ішінде Теңіз кенішінде 315 орын, №2 облыстық ауруханада – 120, Жылыой ауданында – 30, Құрманғазы ауданында – 15 және тағы 4 ауданда 10 орыннан бар. Атырауда модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы (200 орын) қазан айының аяғына таман, ал Құлсары қаласында (200 орын) қараша айында ашылады.

Пандемияның екінші толқынына дайындық аясында орталықтандырылған оттегі станциясы облыстық перинаталдық орталықта, екі облыстық ауруханада, кардиологиялық орталықта, модульді ауруханаларда, Құрманғазы және Қызылқоға аудандық ауруханаларында орнатылуда.

Қазір облыста 224 ИВЛ аппараты, 27 рентген аппараты, 10 компьютерлік томография аппараты, 977 оттегі генераторы және 1000 пульсоксиметр бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, «Атырау» ӘКК арқылы 684 млн теңгеге 40 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды. 2 миллионға жуық медициналық маска бар.

Журналистердің қазіргі фитнес-орталықтары, тренажер залдары мен спорт секцияларын жабу туралы сұрағына облыстың бас санитар дәрігері Асылбек ШАРОВ бұл нысандарда бетперде кию мүмкін емес деп жауап берді - адамдар спортпен шұғылданады, тиісінше олар әдеттегіден көбірек қозғалады, ауамен тыныстайды. Осылайша, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі артады, өйткені ол ауа арқылы жұғады деді ол.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

14 қазан 2020, 01:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.