Атырау, 7 мамыр 21:47
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Сарай Абай атындағы орталыққа айналады

4 298 просмотра

Атырауда жақында ашылған Оқушылар мен жастар сарайына Абай есімін беру жоспарланып отыр.

Бұл туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдап, оны 24 тамыздағы облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібінде талқылауға ұсынды. Депутаттар, әдеттегідей, бірауыздан дауыс берді.

Осы мәселе бойынша сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАНЫҢ айтуынша, Абай есімі өңіріміздегі бес мектеп пен 28 көшеге берілген. Енді Оқушылар мен жастар сарайына беріледі. Оның ауданы 18 мың шаршы метр, мұнда жастардың ғылыммен, шығармашылықпен және спортпен айналысуына бүкіл жағдай жасалған.

- Біз сарайдың алдына ескерткіш орнатып, оны Абай атындағы орталық деп атауды жоспарлап отырмыз. Атын өзгерту туралы соңғы шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды, - деді Хаменова.

Мирас МҰСТАФАЕВ

26 тамыз 2020, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.