Атырау, 7 мамыр 11:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Карантин шарттарына өзгерістер енгізілді. Қаулы мәтіні​

3 444 просмотра

Атырау облысының бас санитар дәрігері Қанат Ғайнеденов 2020 жылдың 15 тамызындағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын азайту мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының  Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы індетін алдын алуға қатысты шаралар туралы» №62 қаулысына төмендегіше өзгеріс енгізілсін:

1) 4-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

12) бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге адам санын 4 асырмай отыруға рұқсат етіп, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 09:00-дан 22:00-ге дейін   рұқсат берілсін;

2) 4-тармақ 23 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын:

23) отырғызу орындарының жалпы санынан 50%-дан артық толтырмай, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін саяхаттау катері қызметіне (өзен трамвайы) рұқсат берілсін;  

3) 4-тармақ  24 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын:

24) ашық алаңдағы аттракцион қызметіне тиым салынсын;

4) 4-тармақ 25 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын: 

25) сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркет, супермаркет, гипермаркет) қызметіне рұқсат берілсін;

 5) 5-тармақ 8 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын:

8) «үйге жеткізу» принципі қызметінен басқа қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафе, мейрамхана және басқалар) қызметіне тиым салынсын; 

6) 5-тармақ 9 тармақшасымен толықтырылып, мынадай мазмұнда жазылсын: 

9) саяхаттау катері қызметіне (өзен трамвайы) тиым салынсын;

Тыйым демалыс күндері қолданыста болады.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қ.Ғайнеденов        

25 тамыз 2020, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.