Атырау, 9 мамыр 01:09
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Вирустан көз жұмған үш дәрігердің отбасы 10 млн теңге алды, 11 өтініш қаралуда

2 711 просмотра

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде коронавирус жұқтырып қайтыс болған 11 медицина қызметкерінің жақындары он миллион теңге өтемақыға өтініш берді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирустан қайтыс болған үш медицина қызметкерінің туыстары он миллион теңгеден алды. Білуімше, қайтыс болған тағы он бір медицина қызметкерінің отбасылары төлемге өтініш берген. Комиссия оларды қарастырып жатыр", – деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, коронавируспен күреске тартылған 776 дәрігер коронавирус инфекциясы немесе вирустық пневмонияға шалдығуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алған.

Еске салсақ, медициналық қызметкерлерге коронавирус немесе вирустық пневмония жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге беріледі. Егер олар бұл дерттен қайтыс болса, отбасына 10 миллион теңге төлемақы төленеді.

Қазақстанда, соңғы деректер бойынша, вирус жұқтырғандар саны 104 718 адамға жетті, 1 523 пациент көз жұмды.

1-24 тамыз аралығында 22 774 адам вирустық пневмонияға шалдықты, 258 науқас қайтыс болды.


24 тамыз 2020, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.