Атырау, 9 мамыр 06:12
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстанда балаларды коронавирустан емдеудің жаңа хаттамасы әзірленді

2 697 просмотра

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі балаларды COVID-19 инфекциясынан емдеудің жаңа клиникалық хаттамасын әзірледі. Ол осы аптада бекітілуі мүмкін. Бұл туралы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, енді Қазақстанда коронавирустан емдеудің үш хаттамасы қолданыста болады.  Біріншісі ересектерге арналған, екіншісі жүкті әйелдер үшін, ал үшіншісі балалар үшін. 

"Балалар арасында COVID-19 емдеудің клиникалық хаттамасы әзірленді. Ол жуырда, соңғы екі аптада әзірленді. Бұрын Қазақстанда ересектер, балалар мен жүкті әйелдерді диагностикадан өткізу мен емдеудің бірыңғай хаттамасы болды. Соңғы екі апта ішінде біз бөлек хаттама әзірлеумен айналыстық", - деді Боранбаева онлайн баспасөз мәслихатында. 

Ол жаңа клиникалық хаттама осы аптада бекітілуі мүмкін екенін жеткізді. Айтуынша, хаттамаға Кавасакиге ұқсас синдром енгізілген.

24 тамыз 2020, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.