Атырау, 8 мамыр 23:22
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Нұр-Сұлтанда құбыр жарылып, көшені су басты – видео

Бейнежазба
2 611 просмотра

Елорданың оң жағалауында жер қазу жұмыстары кезінде құбырға зақым келіп, көшені су басты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Астана су арнасы" таратқан мәліметке сәйкес, Пушкин көшесінің бойында "СП КазГерСтрой" ЖШС мердігер компаниясы жер қазу жұмыстарын жүргізген. Бүгін сағат 12.30-дың шамасында компания қызметкерлері су құбырын зақымдап алды.

"Соның салдарынан Д=900 мм болатын шойын су құбыры бұзылды. Қазіргі кезде тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету шаралары атқарылып жатыр. Су таситын көліктің қай жерге келетінін 76-76-76 телефоны бойынша нақтылауға болады", - дейді компания мамандары. 

Олардың айтуынша, алдымен жарылған құбырдың суы тоқтатылады. Одан кейін жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде су басқан көшенің видеосы тарап жүр. Оған қарағанда, су құбыры дәл Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің маңында жарылған.

Пушкин көшесі университетке қарайтын екі оқу ғимаратының арасында орналасқан. Сол жерде Отырар кітапханасы да тұр.

Дереккөз: sputniknews.kz

24 тамыз 2020, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.