Атырау, 7 мамыр 13:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Романтикалық махаббат хикаясының кейіпкері адам өлтірді деген күдікке ілінді

5 522 просмотра

15 тамызда Құлсары қаласы «Бірінші» ықшамаудандағы №35 үйдің алдында 35 жастағы ер адам соққыға жығылып, қайтыс болды. Полиция күдіктілер ретінде төрт адамды іздестіруде. Олардың арасында үш жыл бұрын "АЖ"-ның "Әнел мен Марлен" жарияланымының кейіпкері болған Марлен НҰРГАСЕНОВ те бар. Бұл жүректі тебіренткен махаббат хикаясы болатын. 

Естеріңізге салсақ, Әнел есімді қыз 16 жасында қатты науқастанып, онымен мектепте бірге оқыған жігіт жанынан табылып, арқа сүйер жанға айналған еді. Оны ажал тырнағынан алып қалды деуге болады. Бұл сол Марлен болатын. Сол кезде олардың хикаясы сайтымызда көп қаралып, оны бүкіл Қазнет талқылаған еді. Енді, міне, мынадай жағдай...

ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-тармағы («Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 тамыз 2020, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.