Атырау, 9 мамыр 00:37
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

COVID-19: 776 медицина қызметкеріне 2 миллион теңгеден берілді

2 234 просмотра

Коронавирус инфекциясына байланысты 776 дәрігер 2 миллион теңгеден алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавируспен күресуге жұмылған 776 медицина қызметкері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы әлеуметтік төлемдер алды. Сондай - ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ауру салдарынан қайтыс болған 3 медициналық қызметкердің туыстарына төлемдер аударды", - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 104 718-ге жетті.

24 тамыз 2020, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.