Атырау, 9 мамыр 14:11
 ашықВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы – Қанат Әзмұханов

5 500 просмотра

Атырау облысы ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы болып Қанат ӘЗМҰХАНОВ тағайындалды. Жасұлан Бисембиев осы лауазымнан кеткеннен бері сол орын екі ай бос болды.

Қ.Әзмұханов Орталық Азия университетін 2003 жылы «заңгер», 2008 жылы «қаржыгер» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын «Жузе» ЖШС заң кеңесшісінің көмекшісі болып бастаған. «Каспианпроджектсервис» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «RegionTransCom» ЖШС Бас директоры болып жұмыс жасады. 2010-2012 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының кеңесшісі, ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2013 жылдың қазанынан 2016 жылдың наурызына дейін – «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2016 жылдың сәуірінен 2018 жылдың қазанына дейін – Атырау қалалық мәслихатының хатшысы, 2018 жылдың қазанынан бастап «Region Trans Com» ЖШС кадр жөніндегі директоры. Осы тағайындауға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры болып қызмет етті.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

21 тамыз 2020, 20:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.