Атырау, 9 мамыр 11:04
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қызға азғындық жасағаны үшін тергеуге алынған ер адам Қапшағайда өлі табылды

3 067 просмотра

Шымкент қаласында кәмелеттік жасқа толмаған қызға азғындық әрекет жасағаны үшін тергеуге алынған ер адамның өлі денесі Қапшағайда табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Шымкент қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Ресми ақпаратқа сәйкес, марқұм Шымкент қаласы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына қатысты құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпталған болатын. Қылмыстық кодекстің 124-бабы, 1-бөлігі ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру, көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау") бойынша күдікке ілінді. 

"2020 жылдың 13 тамыз күні Қапшағай қаласындағы үйлердің бірінде күдіктінің денесі табылды. Тексеру кезінде күдікті өзі басына оқ атқаны анықталды. Мәйіттің сол жағында 10.27 мм калибрлі "GrandPower" маркалы газды-травматикалық тапанша табылды. Тапанша 2015 жылдан бері жоғалған деп саналған", - дейді полицейлер. 

Бүгінде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

"Осы қылмысқа қатысты күдікті тұлға ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", - деп атап көрсетті құқық қорғаушылар.

21 тамыз 2020, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.