Атырау, 9 мамыр 23:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қайтыс болған екі медқызметкердің отбасына өтемақы төлеу туралы шешім қабылданды, енді 11 адам қалды

3 536 просмотра

Атырауда коронавирустан қайтыс болған медқызметкерлердің отбасына ақшалай өтемақы төлеу басталды.

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Облысымызда 650 медицина қызметкері коронавирус инфекциясы мен вирустық пневмония жұқтырып, олардың 13-і қайтыс болды. Арнайы комиссия екі отырыс өткізді, қазіргі уақытта 486 медицина қызметкерінің құжаттары тексерілді. Марқұм болғандарға келер болсақ, әзірге екі адамның құжаты қаралып, комиссия шешімімен бекітілді, қалғандары комиссияның келесі отырысында қаралады, - дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ.

Естеріңізге салсақ, жұмыстағы міндеттерін орындау кезінде вирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 миллион теңгеден, ал КВИ-ден қайтыс болғандардың отбасына 10 млн теңгеден өтемақы төленеді. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

Бұдан басқа, наурыздан бастап Атырау облысының 2082 медицина қызметкері  коронавируспен күрескені үшін үстеме ақы алады: дәрігерлер 850 мың теңге, орта буын қызметкерлері 450 мың, кіші медицина қызметкерлері 250 мың теңге. Үстеме ақы арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 тамыз 2020, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.