Атырау, 9 мамыр 02:45
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Мембағдарлама арқылы үй алып беремін". Шымкенттік алаяқ ұсталды

2 729 просмотра

Шымкент полицейлері сериялық алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілдеде Шымкент қаласының Полиция департаментінің Қаратау аудандық полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда 2019 жылдың сәуір айында А. есімді әйел "мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алып беремін" деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 2,5 миллион теңге ақшасын алғанын айтқан.

Одан бөлек осы әйелге қатысты полицияға тағы да 14 тұрғын арызданған. Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде 1960 жылғы әйел күдікті ретінде Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау түріндегі қолхат” бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда, полиция мәліметінше,  қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

20 тамыз 2020, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.