Атырау, 8 мамыр 10:08
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Жолдың ашылуы 22 тамызға ауыстырылды

Сурет
3 112 просмотра

Атырау билігі Геолог ықшамауданына апаратын теміржол көпірінің маңындағы жолды жаңарту жұмыстарын аяқтай алмай жатыр. Алдымен жолды 11 тамызда ашқысы келді, содан соң 17 тамызға ауыстырды, енді тағы бірнеше күнге ығыстырды.

Осыған байланысты Элеваторный тұсында жүргізушілерге өте қолайсыз болып тұр, қарбалас уақытта ұзын-сонар кептеліс түзіледі.

Бастапқыда қалалық әкімдік жолды 11 тамызда ашамыз, егер мердігер үлгермесе, айыппұл салынады деп уәде берді. Атырау әкімінің орынбасары Ринат ДЖАНГЛИШОВ мердігер үш ауысымда жұмыс істейді деп сендірді. Бірақ бұл мерзім екінші рет кейінге ысырылып отыр.

Ал қала тұрғындары «АЖ»-ға демалыс күндері техниканың тоқтап тұрғанын, тек жолжиектер орнатып жатқан бірнеше адамның ғана жұмыс жасағанын айтты. Қалалық әкімдікте түсіндіргендей, екі апта бойы жұмысшылар Еркінов көшесінен теміржол көпіріне дейінгі жолдың ескі асфальт жабынын бұзып, енін кеңейткен. Жаңбырлы күндері жұмысты тоқтатуға тура келген.

- Амандосов пен Берғалиев көшелерінің айналма/қиылысындағы жолды жаңарту жұмыстары әлі де жалғасуда. Әр бағытта 3 жолақтан болатын жолдың ені кеңейтіледі. Қазіргі уақытта жол инфрақұрылымының элементтерін орнату аяқталуда, - деп хабарлады қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Бұл жолы әкімдік Амандосов пен Берғалиев көшелерінің қиылысындағы айналма жол 22 тамызда ашылады, ал 27 тамыздан бастап Амандосовтан Баймұхановқа дейінгі жол бөлігінен көліктер жүре алады деп уәде етті. Билік ашылу мерзімін бірнеше мәрте кейінге шегеруде, ал қала маңындағы бірнеше ықшамаудан тұрғындары қалаға желге теңселіп тұрған жаяу жүргіншілер көпірі арқылы жетуге мәжбүр.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор және "АЖ" мұрағатынан алынды

20 тамыз 2020, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.