Атырау, 11 мамыр 21:49
 бұлттыВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Салғырттығынан ауыр қылмыс жасалған тергеуші сотталды

4 665 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау қалалық №2 соты Атырау ҚПБ аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Айтөре АЛАШҚА қатысты ҚР ҚК-нің 371 бабы 2 бөлігі ("Ауыр зардапқа әкеп соққан салғырттық") бойынша үкім шығарды. Оқырмандар ұмытпаған болса, бұған мына бір қайғылы оқиға себеп болды: 19 жасар Айнұр Қанатқалиеваның бұрынғы күйеуі бірнеше ай бойы оны аңдып, ұрып, зорлап, ақыры өлтіріп тынды. Сол кездері Айнұр өлтірілгенге дейін құқыққорғау органдары мен прокуратураға жүгініп, көмектесуді сұраған еді, бірақ еш жәрдем болмады.

Әли Қанқожиев алдап пәтеріне кіріп алып, өзінің бұрынғы әйелін алғашқы рет зорлағаннан кейін Айнұр 16 қарашада Атырау қалалық полиция басқармасына шағым түсірген. Оны тексеру үшін іс жас тергеуші Айтөре АЛАШҚА тапсырылады. Қазіргі сот ісінің мәліметтері бойынша ол арызға аса мән берілмей, тергеу кейінге қалған. Тіпті «ізін суытпай» сот-медициналық сараптама да тағайындалмаған. Қанатқалиева тергеушінің әрекетсіздігіне көзі жетіп, Қанқожиевті өзіне және кішкентай сәбиіне жақындатпау үшін қалалық прокуратураға өтініш жазған. Прокуратураға түскен ол арыз да тергеуші Алашқа түсіп, тағы да ескерусіз қалған.

Сот үкіміне сүйенсек, осы уақытта Қанқожиев полицияның жұмыс жасамай жатқанын көріп, заң алдында өзін жауапсыз екенін сезініп, бұрынғы әйеліне қатысты қылмыстық ниеттерін жалғастыра берген. Ал әйел құқыққорғаушылардың көмегіне жүгініп, енді ҰҚКД-ға арыз жазады (одан да арыз Алашқа келіп түседі), ПД тергеу басқармасының бастығына шағымданады – бәрі бекер. Ақыр аяғында, өткен жылдың 14 ақпанында Қанқожиев әдеттегідей жалдамалы пәтерде жасырынып жүрген Айнұрды аңдып, тауып алып, баса көктеп кіріп, күш көрсетіп сабап, зорлап, тұншықтырып өлтірген. Кейін ол жауыз 16 жылға бас бостандығынан айырылды, сонда да жақсы болды ма?..

Сотта Айтөре Алаш өз кінәсін мойындаған жоқ, қызметте әрекетсіздік жасағаны дәлелденбегендіктен өзін ақтауды сұраған.

Бірақ судья Гүлнар ДӘУЛЕШОВА  оның кінәсі объективті түрде, жан-жақты дәлелденген деп санап, 2 жылға бостандығын шектеп, құқыққорғау органдарында қызмет атқару құқығынан 3 жылға айыруға үкім шығарды.  

Айта кетерлігі, егер қалалық мәслихат депутаты Салтанат РАХИМОВА облыс прокуроры Халидолла ДӘУЕШОВКЕ жолығып, байғұс қызды заңға сәйкес, тіпті адами тұрғыда қорғауға атсалыспағандарды жауапқа тартуға өтініш бермегенде, бұл соттың болуы екіталай. Тек содан кейін ғана арнайы прокурорлар тергеуді бастады.

-Сотта Айтөре Алаш менен кешірім сұрады. Иә, ол кінәлі, бірақ тек ол ма? – дейді өз жиені, Айнұрдың қызын қамқорлығына алған ашынған ана Надежда АНТОХИНА.Менің қызым құқыққорғаушылардан өзін құтқаруды өтініп жалынған еді, бірақ осындай әрекетсіздікке тап болды. Қорқынышты...

Фархат ӘБІЛОВ

22 шілде 2020, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.