Атырау, 11 мамыр 12:44
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған бес жүкті әйел қайтыс болды

3 066 просмотра

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған бес жүкті әйел қайтыс болды. Бұл жайында қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған бес жүкті әйел қайтыс болды. Науқастар жыныстан тыс дертпен қатар өкпенің зақымдануынан зардап шекті. Соның бәрі қосылып, жүктілік өліммен аяқталды", - деді Надыров.

Айтуынша, осы аталған бес өлім қатаң бақылауға алынып, комиссия әрқайсысы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Алматы перзентханаларының барлығында коронавирус инфекциясын жұқтырған әйелдерге арналған бөлім бар. Жуырда қаладағы №4 перзентханаға тағы 105 төсек-орын қосылады.

Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда пандемия басталған уақыттан бері 40 жүкті әйелдің коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болғанын айтты


22 шілде 2020, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.