Атырау, 11 мамыр 11:54
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Еуропалық Одақ Қазақстанға коронавируспен күреске 1,6 миллион еуро бөледі

2 614 просмотра

Еуропалық Одақ Қазақстанға COVID-19-бен күреске 1,6 миллион еуро (756,2 миллион теңге) бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Еуропалық Одақ "Орта Азиядадағы COVID-19: Дағдарысқа жауап беру (CACCR)" бағдарламасын жүзеге асырады. Осы орайда ЕО Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстанға 3 миллион еуро бөледі.

Бұл қаржының басым бөлігі - 1,6 миллион еуро (756,2 миллион теңге) Қазақстанға бөлінеді.

Аталған көмек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы беріледі. Себебі, Еуропалық Одақ бұл ұйыммен келісімшартқа отырған болатын.

22 шілде 2020, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.