Атырау, 11 мамыр 13:05
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Қазақстанда карантинді жеңілдету жоспары әзірленіп жатыр

3 786 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантинді жеңілдетуге арналған жоспар әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде тұрақты түрде күн сайын 1600-1700 науқас тіркеледі. Мәселен, бүгін 1600 адам болды. Негізі, бұл жаман көрсеткіш емес. Әзірге болжам жасау қиын. Дегенмен, жағдай тұрақты болады деп сенеміз", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, бастапқыда пессимистік болжамдар болған. Ол кезде қыркүйек айында күн сайын 2 500 науқас анықталады деген жорамал айтылды.

"Алайда шектеу шараларын алып тастағаннан кейін қалай болады? Біз үшін осы мәселе маңызды. Сондықтан қазіргі кезде біз арнайы жоспар әзірлеп жатырмыз. Онда ары қарай не істейтініміз және карантин шараларын қалай жеңілдететініміз жазылады", - деп мәлімдеді Цой.

Министр карантиннің уақытша шара екенін ерекше атап өтті. Ендігі кезекте оны алып тастағаннан кейін қандай шаралардың атқарылатынын анықтап алу қажет.


21 шілде 2020, 19:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.