Атырау, 11 мамыр 10:00
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Қазақстанда парацетамол мен ибупрофен тегін берілуі мүмкін

2 858 просмотра

Қазақстанда ибупрофен мен парацетамолды коронавирусты үй жағдайында емдеуге қосып, тегін тарату жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Амбулаторлық-препараттарға қызу түсіретін, парацетамол, ибупрофен мен антикоагулянттар - ривароксабан, апиксабан мен дабигатранды қосу жоспарланған", - дейді вице-министр. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл препараттар науқастар үшін тегін берілетінін хабарлады. 

"Олар Медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен өтелетін болады. Адамдар емханаға жүгінген кезде және тиіс диагноз қойылған кезде берілетін болады", - деп түсіндірді ол.
21 шілде 2020, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.