Атырау, 11 мамыр 12:21
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Денсаулық министрлігі коронавирусты емдемейтін дәрілерді алып тастады

3 119 просмотра

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусты емдеу хаттамасының қалай өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"COVID-19 – бұл жаңа инфекция. Әлем бойынша ғалымдар осы вирустан емделудің тиімді тәсілдерін іздеп отырады. Бүгінде нақты бір емдеу әдісі жоқ. Сол себепті қазақстандық ғалымдар мен клиницистер әлемдік тәжірибені зеттеп, клиникалық хаттамаға озық әдістерді енгізіп тұрады", - деді Ғиният онлайн брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, 15 шілде күні бірлескен комиссия коронавирус инфекциясын емдеудің хаттамасының 10-шы редакциясына өзгеріс енгізді. Дәрігерлер "Лопинавир" мен "Гидроксихлорохин" сияқты препараттарды алып тастауға шешім қабылдады. Себебі шетелдік ғалымдар осы дәрі-дәрмекті коронавирусқа қарсы қолданған тиімсіз деген қорытындыға келді. 

"Әлем бойынша дәрігерлер ВИЧ-ке қарсы препараттарды да, гепатитке қарсы дәрі-дәрмекті де қолданып көрген. Енді, бүгін "Ремдесивир" мен "Фавипиравир" коронавирустық инфекцияның ауыр жағдайы болғанда көмектеседі деген мәлімет бар. Сол себепті дәл осы препараттар клиникалық хаттамаға енгізілген болатын", - деп атап көрсетті Ғиният. 

Бұдан бөлек, амбулаториялық деңгейде дене қызуын басатын дәрілер мен иньекцилық емес антикоагулянттар қосылды. Емханада ондай препараттардың бәрі тегін беріледі.


21 шілде 2020, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.