Атырау, 2 мамыр 12:15
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

1 тамыздан бастап жарық тарифі 10%-ға көтеріле ме?

2 774 просмотра

17 шілдеде Атырау облысында жарық тарифін осы жылдың 1 тамызынан бастап көтеру мәселесі бойынша онлайн режимінде қоғамдық тыңдау өтті. Электрмен жабдықтау кәсіпорны «Атырау Энергосату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВА баяндама жасады.

- Бағаны көтеруге Энергетика министрлігінің 29 шілдедегі энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңа шекті бағаларды бекіту туралы бұйрығы негіз болды. «Энергосатудың» энергияны сатып алу шығындары артты, тариф құрамындағы басқа шығындар бұрынғы деңгейде қалды, - деді Э. Исембергенова. - Осы мерзімдегі сату көлемі (2-, 3-, 4- тоқсан және келесі жылдың 1-тоқсаны) - 2,109 млн кВт/сағ. Атырау ЖЭО-дан сатып алынған энергия көлемі - 1 млрд 897 млн кВт/сағ.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап жылу электр орталығында жаңа баға - кВт/сағ үшін 8,48 теңге, өсім -24,3%. Осы жылда келісім бойынша Атырауға 140 млн кВт/сағ жеткізуі тиіс МАЭК жаңа тарифпен жұмыс істейді- кВ/сағ үшін 13,10 теңге, өсім - 8,1%. Жалпы, «Энергосату» шығындары 2020 жылы 19 миллиард 968 миллион теңге болады. Осылайша, 1 тамыздан бастап орташа тариф жобасы бір кВт/сағ үшін 16,6 теңге болуы мүмкін. Қазір ол 15,07 теңге, яғни, өсім - 10%.

- Бұл ретте ең арзан тариф Атырауда, - деді Э.Исембергенова

Форумды қараған оқырмандар баяндамашылардан дауыстарын қаттырақ шығаруды сұрады - қорғаныс маскаларын таққандықтан олардың дауыстары нашар естіліп тұрған еді. Қазіргі кезде тарифті өсірудің орынсыз екендігіне қатысты сын айтылды.

Регина Барановская: Тарифті көтеруге қолайсыз уақыт емес деп ойламайсыз ба? Тұрғындар сіздер түсіністікпен қарайды деп үміттенеді, ал сіздер, керісінше, олардан көбірек жырып қалуға тырысып отырсыздар.

Кәрім Құспанов: Пандемия аяқталғанша күтуге болмай ма?

Е.Исембергенова екеуіне де жауап берді:

- Барлық қалада монополистер 1 шілдеден бастап тарифті көтеруге өтінім берді. Біз 1 тамыздан бастап бердік – шілде айында шығынмен жұмыс істейміз.

Мирас МҰСТАФАЕВ

18 шілде 2020, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.