Атырау, 2 мамыр 12:55
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Тапшы дәрі-дәрмек алыпсатарлардың қолында

2 998 просмотра

КВИ пандемиясына байланысты дәрі-дәрмектің тапшы болуы олардың заңсыз саудасын өте пайдалы бизнеске айналдырды. Алыпсатарлар ұсталып жатыр-ау, бірақ...

- 9 шілдеде Департамент қызметкерлері полицейлермен бірлесіп Атырауда дәрі-дәрмектердің бағасын қымбат бағамен және арнайы лицензиясыз сату деректерін анықтады. Алмагүл ықшамауданында бір азаматтан 73 қаптама метронидазол, 23 ампула лидокаин және 21 ампула дексаметазон, сонымен қатар, инъекцияға арналған дексаметазонның 33 ерітіндісі тәркіленді,  - деп хабарлады Экономикалық тергеу департаменті. 

Келесі күні Лесхозда құжаттары жоқ 130 500 медициналық маскалар тәркіленді. Ал 13 шілдеде ЭТД қызметкерлері азитромицин, цефтриаксон, аспирин мен парацетамолды көтеріңкі бағамен заңсыз сату дерегін анықтады.

Бүкіл материал Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды. Тәркіленген дәрі-дәрмектер денсаулық сақтау басқармасына берілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ЭТД ұсынған бейнежазба

17 шілде 2020, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.