Атырау, 4 мамыр 20:24
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

42 500 теңгеге өтініш қабылдау басталды

3 141 просмотра

42 500 теңгеге өтініш беруге арналған порталдар мен telegram-боттар бүгін, жұма күні түстен кейін іске қосылды. Бұл туралы еңбек министрлігі хабарлады.

Өтініш беру арналары:

  • электронды үкімет веб-порталы – egov.kz;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • telegram-боттар;
  • Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • екінші деңгейлі банктердің интернет-ресурстары мен мобильді қосымшалар.

Өтініштерді қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі порталдарға салмақ салмау үшін азаматтардан 42 500 теңгеге бірнеше рет өтініш бермеуді сұраған еді.

Министрлік мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақыны кімдер алмайтынын да нақтылады.

Кейбір қазақстандықтарға 42 500 теңге проактивті түрде, яғни өтінішсіз тағайындалады.

Дереккөз: sputniknews.kz 

17 шілде 2020, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.