Атырау, 2 мамыр 15:18
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Дәріханадағы алыпсатарлық тиылар емес

2 855 просмотра

Aтырау облысының бас санитар дәрігері Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ дәрі-дәрмектің шекті бағасын сақтау және өңірдегі дәріханаларда алыпсатарлыққа жол бермеу жөніндегі мониторинг нәтижесіне түсініктеме берді.

- Атырау тұрғындары әлеуметтік желіде дәріханадағы дәрі-дәрмектердің бағасы бірнеше есеге көтерілгеніне шағымданды. Мобильді топ Атырау облысындағы 50-ге жуық дәріхананы тексерді, - делінген хабарламада.

Шекті бағасы 583 теңге деп белгіленген «Новиган Нео № 20»  600-ден 800 теңгеге дейін сатылған, шекті бағасы 1271 теңге деп белгіленген «Аспирин Кардио 100 мг № 28» 1500 теңгеден, бағасы 1802 теңгеге белгіленген «Кардиомагнил 75 мг № 100» 1900 теңгеден сатылғаны анықталды.

Осы фактілер бойынша қазір ШОБ-тың 9 субъектісі 130-дан 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастыратын ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы («Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы ережелерді бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Бұдан басқа, «Ортодонт» ЖШС дәріханасында тіркелмеген дәрілік заттардың 10-ға жуық атауы анықталды.

«Вердант» косметологиялық кабинеті кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асырған, атап айтқанда, тіркелмеген дәрілерді, оның ішінде «Клексан», «Дексаметазон», «Азитромицин» дәрілерін лицензиясыз сатқан.

Соңғы екі факт бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

17 шілде 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.