Атырау, 2 мамыр 22:00
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Драма театрындағы өртке қатысты тергеу жұмыстары жалғасты

2 719 просмотра

Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау драма театрында шыққан өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасты. Бұған дейін ол карантин жағдайында қосымша тергеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай, тоқтатылған болатын.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 22 тамызында театрда 1500 шаршы метр алаң өртенген еді. Оқиғадан кейін дереу Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 292-бабы (Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Полиция департаментінің анықтау басқармасының басшысы Ертас БИСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, өрт себебін және залал мөлшерін анықтау үшін екі өрт-техникалық сараптама тағайындалды.

- Сараптама нәтижелері бойынша, электр трансформаторының қысқа тұйықталуы өрттің шығуына себеп болған, залал - 78 млн теңге, - дейді Е. Бисенғалиев.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылдың қаңтары мен 2019 жылдың мамыры аралығында драма театрында күрделі жөндеу жүргізіліп, оған бюджеттің 800 млн теңгесі жұмсалған болатын.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Айнұр САПАРОВА

«АЖ» мұрағатынан алынған сурет

16 маусым 2020, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.