Атырау, 6 мамыр 12:48
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атырау облысында COVID-19 жұқтыру белгілері бар 9 адам тіркелді​

4 064 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар  9 адам тіркелді.

COVID-19 жұқтырған 1 адам 1991 жылы туған  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін  мердігер мекеменің  қызметкері. Ол ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген. Тағы 1 адам Жылыой ауданы, Құлсары қаласының 1995 жылы туған ер адамынан тіркелді. Сондай-ақ 2 жағдай  Қызылқоға ауданынан тіркелді.Олар 1993 жылы туған әйел адам, біреуі 1949 жылы туған ер адам.Олар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Ал тағы 4 жағдай Атырау  қаласынан тіркелді.Олар 1962, 1955, 1967 жылы туған ер адамдар, біреуі 1956 жылы туған әйел адам. Ал 1 жағдай Құрманғазы ауданының 1955 жылы туған ер адамнан тіркелді.Барлығынан COVID-19 скринингтен өту кезінде анықталған.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

13.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1287 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 897.

14 маусым 2020, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.