Атырау, 6 мамыр 13:03
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бас дәрігер қағаз жүзінде жасалса жарайды деп шешкен

3 994 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент Исатай орталық аудандық ауруханасының бұрынғы директорына қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-тармағының 2-тармақшасы Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол 720 мың теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеудің болжамы бойынша, 2019 жылы директор бұл ақшаны аурухана қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту үшін жеке кәсіпкердің есеп-шотына аударған. Бірақ іс жүзінде бұл қызмет жүзеге асырылмаған.

Айнұр САПАРОВА         

12 маусым 2020, 20:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.