Атырау, 6 мамыр 11:52
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Партиялықтар «мемлекет беделіне нұқсан келтіргені үшін» жазаланды

3 142 просмотра

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Атырау облысы Индербор кентіндегі сапасыз үйлерді қабылдап алғандары үшін партия тарапынан сөгіс пен ескерту жазасы қолданылды.

Өткен жылы 46 аз қамтылған және көп балалы отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған 23 екі пәтерлі үйлерге қоныстанды. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа созылмады - жаңбыр маусымы басталғалы, кейін қыс мезгілінде шатырдан су кетіп, пәтерлер ылғал тартып, көктеп кетті. Ол үйлерді «Саламат Әбілқайыров» ЖК өз қаржысына салып, кейін әкімдік 630 млн теңгеге сатып алған.

- Арнайы мониторингтік топ жұмысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің құрылысқа жетекшілік ететін орынбасары А. Мұсағалиев пен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Б. Иманғазиев жауапкершілікке тартылды, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хабарламасында. Онда олар қандай жауапкершілікке тартылғаны нақты көрсетілмеген. «АЖ» сұрастырып көрді: Бауыржан Иманғазиев «Нұр Отан» партиясының жергілікті басшылығынан «мемлекет пен билік беделіне нұқсан келтіргені үшін» деген тұжырыммен сөгіс алды. Ақтілек Мұсағалиевке одан да «қатаң» жаза қолданып, ескерту берілді. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 маусым 2020, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.