Атырау, 7 мамыр 01:55
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Зеленскийге карантин кезінде кафеге барғаны үшін айыппұл салынды

2 638 просмотра

Украина президенті Владимир Зеленскийге, оның кеңсесінің басшысы Андрей Ермакқа, елдің бас санитар дәрігері Виктор Ляшкоға және басқа да шенеуніктерге әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды LIGA.net.

Владимир Зеленский карантин ережесін бұзған. Ол Хмельницкий қаласында кафеге барып, кофе ішкен. Оған айыппұл салынғанын президент Черниговтегі брифингте журналистерге мәлімдеді. 

"Масканы шешуге болады, солай жақсырақ естіледі. Әйтпесе, Хмельницкийдегідей болып, маған айыппұл салады. Оны дұрыс істеді", - деді президент брифинг басында. 

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік хаттама кофе қожайыны мен оған келген қонақтардың үстінен толтырылған. Карантин ережесін бұзғандарға 17 мыңнан 34 мың гривенге дейін айыппұл салынады. 

3 маусымда Зеленский кеңсе мүшелерімен Хмельницкийде кафеге барып, кофе ішкен. Ол кезде кафелердің жұмыс істеуіне тыйым салынған еді. Зеленский карантин ережесін бұзса, айыппұл төлеуге дайын екенін айтқан. 

11 маусым 2020, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.