Атырау, 7 мамыр 05:30
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырау облысында ​COVID-19 жұқтыру белгілері бар 5 адам тіркелд​і

4 104 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 5 адам тіркелді, деп хабарлайды жергілікті штаб.

COVID-19 жұқтырған 3 адам Атырау қаласының тұрғындары.Олардың екеуі 1992, 1999 жылы туған әйел адам, ал біреуі  1995 жылы туған ер адам.Барлығы ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.  

Ал тағы 2 жағдай   Қызылқоға ауданынан  тіркелді. Олар 1968 , 1971 жылы туған ер адамдар.Олардың біреуінен скринингтен өту кезінде анықталса, екінші науқас инфекция  жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.                      

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

10.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1232 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны - 876.

11 маусым 2020, 08:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.