Атырау, 7 мамыр 04:17
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қызметкері ауырғанмен, қалалық сәулет мекемесі карантинге жабылған жоқ

3 484 просмотра

10 маусымда әлеуметтік желідегілер қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміндегі бір қызметкерден коронавирус инфекциясы анықталып, кеңсесі карантинге жабылды деп айтып жатты. «АЖ» бұл ақпаратты тексеріп көрді.

Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ хабарлағандай, 7 маусымда Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкері ЖРВИ белгілерімен медициналық көмекке жүгінген. Зертханалық  сынама нәтижесінде одан Covid-19 анықталды. 

- Қазір науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Онымен  жақын қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Бірақ әлеуметтік желідегі қазір Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі карантинге жабылды деп таралып жатқан  ақпарат жалған, - дейді Е. Қалымбайұлы. 

Қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, науқаспен байланыста болған қызметкерлер қашықтан жұмыс жасауға көшірілген. - Бұл ұжымның жартысы. Қалған қызметкерлер іште санитариялық талаптарды сақтай отырып, өзара байланыспай, жұмысын жалғастырып жатыр, - деді Н.Қайсағалиева. 

Айнұр САПАРОВА

11 маусым 2020, 00:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.