Атырау, 6 мамыр 23:16
 ашықВ Атырау +19
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Орындарынан тұрып қошемет көрсетті: Данэлия America's Got Talent шоуының қазылар алқасын тәнті етті

2 823 просмотра

Данэля Төлешова Американың тағы бір атақты шоуына қатысып, бағын сынауда, деп хабарлайды zakon.kz.

America's Got Talent бағдарламасының 3-эпизодында 13 жастағы қазақстандық әнші канадалық Faouzia-ның "Tears of Gold" әнін шырқады. Қазылар алқасы да, шоу қонақтары да Данэлияның өнерін жоғары бағалап, ал залдағылар аяғынан тік тұрып, ұзаққа дейін қол шапалақтап, зор қошемет көрсетті.

Мен Американың керемет Got Talent байқауына қатысамын. Менің ойымша, бұл - кез-келген өнерпаздың арманы, өйткені бұл өте жоғары деңгей. Оның өте қызықты әрі керемет болатынына сенімдімін. Мен кез-келген сынақта өзімді 150 пайыз көрсетуге тырысамын, сондықтан бұл жайт сізді қызықтыратын болса, онда шоуды тамашалаңыз, - дейді Данелия шоу басталар алдындағы сөзінде.

Бұл шоу 2020 жылдың 15 мамырынан бастап NBC телеарнасы, ал Ұлыбританияның Netflix телеарнасы арқылы 29 мамырдан бері басталып, әлі де жалғасуда. America's Got Talent 15-ші маусымының қазылар алқасы - бұл жобаның негізін қалаушы және продюсері Саймон Кауэлл, талантты актриса София Вергара, сәнгер Хайди Клум және көпшілік сүйетін комедия актері Хоу Мандель. Шоудың қожайыны - Терри Крюс.

Телевизиялық жоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап жүзеге асырылып келеді, әншілер, бишілер, сиқыршылар, клоундар және барлық жастағы дарынды адамдар шоуда өз талантын көрсетеді. America's Got Talent жобасының бас жүлдесі - 1 миллион доллар.

10 маусым 2020, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.