Атырау, 7 мамыр 01:37
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Жол бойында қараусыз жүрген бала көп

3 978 просмотра

Өткен жексенбіде, 7 маусымда Атырауда бала қаққан үш жол-көлік оқиғасы болды.

Сағат 12.30-да Құрманғазы көшесінің бойында жаяу жүргінші өткелінде Hyundai Accent 14 жастағы жасөспірімді қағып кеткен.

Сағат жарым уақыттан кейін қала маңындағы Ақсай ауылында Lada Largus көлігі 15 жастағы велосипедшіні қаққан.

Тағы бір сағаттан кейін Привокзальныйда «Тойота» көлігі жол бойына шыққан 6 жастағы қызды жанап кетті.

- Зардап шегушілердің бәрі облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жеңіл жарақат алғандықтан үйлеріне жіберілді, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Атырау облысында балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы болған.

Фархат ӘБІЛОВ 

10 маусым 2020, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.