Атырау, 8 мамыр 00:35
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Нәрестенің өлімі туралы іс: сот процесі көшпелі түрде өтті

3 475 просмотра

9 маусымда таңертең сот процесі жалғасты. Айыптаудың негізгі тармағы - өткен жылдың 29 қыркүйегінде облыстық перинаталды орталықта жаңа туған нәрестені өлтіру. Түрлі жағдайларға байланысты, бұл жолы таңертеңгі отырыс тергеу изоляторының ғимаратында көшпелі түрде өтті, сондықтан журналистер оған қатыса алмады. Кейін белгілі болғандай, ол жерде прокурорлар айыптау қорытындысын оқып болған. Түстен кейін сот отырысы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында жалғасты. Енді жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алу басталды.

Алдымен жәбірленуші Нұржамал ТҰРЫМБЕТОВА - дүниеге келгеннен кейін тіршілік нышаны болмай, «өлі туылды» деп рәсімделген шақалақтың анасы шақырылды. Тоңазытқыш камерасына әкелген кезде нәрестенің аяғы қозғалған. Сол кезде акушер-гинеколог бас дәрігер Қуаныш Нысанбаевқа қоңырау шалады. Ал ол тоңазытқышта «қалдырған жөн» екенін айтады. Олар Нысанбаевтың телефоны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тарапынан Сот-медицина сараптамасы институтының директорына пара беру туралы мүлде басқа іс бойынша тыңдалып жүргенін білмеген.

Сонымен негізгі эпизод оқылды. Естеріңізге салсақ, ол бойынша барлық сотталушылар: Нысанбаев, акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАН, неонатолог дәрігерлер Руслан НҰРМҰХАНБЕТОВ және Дариға ЖҰМАБАЕВА, акушер Жамила ҚҰЛБАТЫРОВА Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарымен айыпталуда.

Жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алу бүгін, 10 маусымда өтетін отырыста жалғасады. Сотталушылар әзірге оған коронавирус салдарынан тараптардың денсаулығын қорғау мақсатында тергеу изоляторынан бейнебайланыс арқылы қатысады.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

10 маусым 2020, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.