Атырау, 7 мамыр 23:26
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Балықшы көпірі де қайта жөндеуді қажет етеді

Сурет Бейнежазба
4 392 просмотра

Осы жылдың 10 қаңтарында орталық көпір астынан өтетін жылу желілері тірегінің орнынан ығысуына байланысты жабылғаны есімізде. АЖЭО қызметкерлері ақауларды жойғаннан кейін, 23 қаңтарға қараған түні көпірдегі қозғалыс қалпына келтірілді. Бірақ оны күрделі жөндеу қажеттілігі жойылған жоқ. Ал жақында әлеуметтік желілерде Балықшы-Жұмыскер көлік көпірінің бейнежазбасы пайда болды: ол жерде қиылысқан жіктер арасынан үңірейген саңылау көрініп тұр.

«АЖ» сауалына қала әкімдігінің баспасөз қызметі биыл екі көпірді де қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін, жұмыстардың Балықшы көпірінен басталатынын айтты. Қаржыландыру мәселесі әлі де қарастырылып жатыр екен.

Атырауда 6 көлік көпірі бар. Олардың барлығы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансында.


Қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, қазіргі кезде орталық көпірді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар алынған.

- Қалпына келтірудің ең оңтайлы нұсқасы - қолданыстағы құрылымдарды барынша пайдалану және өткізу қабілетін көбейту арқылы кеңейту, - дейді Н. Қайсағалиева. – Алдағы уақытта Балықшы-Жұмыскер көлік көпіріне қосымша зерттеу жүргізіліп, тиісті шараларды әзірлеу қажет.

Өткен жылдың аяғында орталық көпірдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген еді, қорытынды әлі дайын емес.

2016 жылы «Трансинжиниринг.krg» ЖШС Балықшы көпіріне жалпы техникалық зерттеу жүргізді, оның жағдайы «шектеулі жұмыс қабілетіне ие» деп бағаланды.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

"АЖ" АНЫҚТАМАСЫ:

Жайықтан өтетін орталық көпір 1965 жылы салынып, ұзақ уақыт бойы қаладағы бірден бір көпір болды. Техникалық құжаттамаға сәйкес, ол тіке орналасқан және 90 градус бұрышта өзенді кесіп өтеді. Жалпы ұзындығы – 260,5 метр, көлік жолының көлемі – 13 метр. Қазіргі заманғы талаптар бойынша, автокөлік 4 жолақпен қауіпсіз қозғалу үшін жолдың ені 16 метрден кем болмауы тиіс.

1999 жылы көпір төсемінің барлық элементтерін толық ауыстырған қайта жаңғырту жүргізілді.

Бұған дейін көпірдегі жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін шектеу және (шұғыл қызметтерді қоспағанда) түнгі қозғалысқа тыйым салу туралы ұсыныс облыс әкімдігінің жұмыс комиссиясында мақұлданған жоқ.

Балықшы - Жұмыскер көпірі «Трансстроймост» АҚ (Алматы) жобасына сәйкес салынды. Құрылыс 2008 жылы аяқталды. Жалпы ұзындығы - 511,4 метр, көлік жүретін бөлігінің ені - 18,1 метр.

* * * * *

«Шектеулі жұмысқа қабілетті жағдай» дегеніміз - салмақ түсетін қабілетті төмендетуге әкелетін ақаулар мен бүлінген жерлер болатын, бірақ кенеттен қирау қаупі жоқ және жай-күйі мен пайдалану жағдайларын бақылаған кезде құрылымның жұмыс істеуге қабілеті бар құрылыс конструкциясының техникалық жағдайы.

9 маусым 2020, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.