Атырау, 11 мамыр 02:25
 ашықВ Атырау +17
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Жапондықтар суға түсуге арналған маска жасап шығарды

Сурет
2 746 просмотра

Жапонияда бассейндер ашылып, суға түсуге рұқсат берілді. Сол себепті елде суда жүзуге арналған арнайы қорғаныс бетпердесі ойлап табылды. Қазіргі уақытта бұл бетперделерге деген сұраныс еселене түсуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Жапонияда коронавирустың таралуын алдын алуға байланысты есігіне құлып салынған бассейндер 1 маусымнан бастап қайта ашылды. Биліктің ойынша, судағы хлор мөлшері жеткілікті болған жағдайда, инфекция жұқтыру қаупі өте аз. Бірақ жүзу мектептерінің, әсіресе балаларға арналған жүзу мектептерінің мәселесі шешілмей қалды. 

Себебі жаттықтырушы дауыстап түсіндіріп, кейде баланың судағы қалпын түзетуі керек болады. Мұның барлығы инфекциядан қорғайтын бетперде қажеттілігін тудырды, сонымен бірге маска ылғалданбайтын әрі суда жүзгенде түсіп қалмайтындай болуы керек еді. Токио қаласының орталығындағы шағын компания бұл мәселенің шешімін тапты. Оның маскалары түссіз материалдан жасалған, беттің төменгі бөлігін толық жабады, суда сырғып, түсіп қалмайды. 

Бетперденің дизайны жүзуге ыңғайлы. Бастапқыда барлық маскалар қолдан жасалған екен. Ішінде 10 данасы бар жиынтықтың бағасы 29 мың иен (шамамен 100 мың теңге) болған. Мамыр айының ортасында жүзу клубтарының қауымдастығы олардың ыңғайлылығы мен тиімділігін мойындаған. Т

Осы уақыттан бастап Жапонияның түкпір-түкпіріндегі 700 ұйымнан 16 мыңнан астам тапсырыс келіп түскен. Маусым айында өндіріс кеңейтілгеніне қарамастан, тапсырыс күту үшін бір айдан астам уақыт кетеді. 

Дереккөз: nur.kz

8 маусым 2020, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.