Атырау, 7 мамыр 01:40
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырауда 1 мамырдан бастап балалардың жоғалғаны туралы 20 шағым тіркелген

3 771 просмотра

Тек 1-25 мамыр аралығында полицияға қала тұрғындарынан балаларының үйден шығып кетіп, оралмағаны туралы 20-ға жуық арыз түсті, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВА. Полицейлердің мәліметінше, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар көшеде адасып кетіп, жоғалады екен.

3-тен 8 жасқа дейінгі жеті бала, 8-ден 14 жасқа дейінгі бес бала, 15-тен 17 жасқа дейінгі бес бала жоғалған. Полицейлер оларды тапқан, тек біреуі қайғылы жағдаймен аяқталды. Жақында Жұлдыз ықшамауданында бір жарым жастағы сәби септик түбінен өлі табылған болатын. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізілуде.

- Полиция қызметкерлері арыз түскен бойда іздестіруге кіріседі. ҚПБ қызметкерлерінің айтуынша, жоғалған балалар 2-3 сағатта табылып жатады. Көбінесе кішкентай бүлдіршіндер серуенге шыққан кезде көшені немесе ықшамаудандағы ауланы шатастырып алып, адасып қалады. Кейде ата-аналар полицияға бірден хабарламай, өздері іздеуге кірісіп, содан кейін ғана «102»-ге қоңырау шалады. Көбінесе ересектер серуенге шыққан кезде балаларды қараусыз қалдырады. Бағусыз қалған бала көлік астына түсіп қалып жатады, - дейді Г.Мұқтарова.

Мамырдан бастап Атырауда балаларға қатысты үш көлік апаты болды: Тайманов көшесіндегі сауда орталығының жанында 2016 жылғы сәби көлік астына түсті. Амандосов көшесінің бойындағы колледж алдында 2004 жылғы жасөспірімді, Геолог ықшамауданында 2015 жылғы сәбиді көлік қақты. Үш жағдайдың біреуінде ғана бала жарақат алып, қалған екеуінде балаларды періштесі қаққан.

Мұхтарованың айтуынша, балаларға қатысты қайғылы жағдайдың алдын алу, олардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін полицейлер мүмкіндігінше ата-аналармен әңгімелесіп, балалар мен жасөспірімдердің көшедегі жүріс-тұрысы туралы жадынама таратып тұрады.

Айнұр САПАРОВА

ПД баспасөз қызметі ұсынған сурет

26 мамыр 2020, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.