Атырау, 20 мамыр 00:58
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Махамбеттегі көпір жаңбырдың сынағынан өтпей қалды

Сурет
6 270 просмотра

2018 жылдың 30 қарашасында Махамбет ауданы Жалғансай ауылы тұсында орналасқан Атырау облысындағы ең ұзын көпір (9,4 млрд теңгеге салынған, ұзындығы  860 метр)  салтанатты түрде ашылған еді. Бірақ 17 мамырда жауған нөсер жаңбыр ол жерде ақау бар екенін көрсетті.   


Махамбет аудандық ТКШ, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметі бойынша көпірдің қазақ бетіндегі жаяу жүргінші  жолы аумағында асфальт жабындысы тесіліп, сарқын сумен ойыс пайда болды. Көпір құрылысын жүргізген бас мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС (мердігері «Энергомост» ЖШС) мамандары зерделеу жүргізуде. Бес жылдық кепілдемесіне сәйкес мердігер ақаулықты қысқа мерзімде қалпына келтіретін болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер әлеуметтік желіден алынды

19 мамыр 2020, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.