Атырау, 9 мамыр 04:15
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты мәлімет шықты

3 093 просмотра

Қарағанды облысында қайтыс болған 61 жастағы науқас 19 күн емделген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Індеттен көз жұмған науқас 1958 жылы туған.

"5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальға түскен. 14 сәуірде науқас расталған СОVID-19 диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылған. Екі жақты пневмония, ауыр өткен. Науқас 19 тәулік бойы ем алды. 3 мамырда науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 3877-ге жетті. 995 науқас жазылды, 26 науқас қайтыс болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz  

3 мамыр 2020, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.