Атырау, 9 мамыр 06:58
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Әзербайжан Қазақстанға нота жіберді

4 791 просмотра

Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Бакудегі елшісі Сержан Әбдікәрімовке нота табыстады, деп хабарлайды Sputnik  Әзербайжан.

Әзербайжанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, министрдің орынбасары Халаф Халафов Қазақстанның елшісімен кездесу өткізіп, Каспий теңізінде Әзербайжан азаматтарын ұстау кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қарасты жағалау күзетінің қару қолдануына байланысты алаңдаушылық білдірді.

30 сәуірде шекара қызметінің жағалау күзеті Әзербайжанның төрт азаматын ұстау кезінде қарудан оқ атқан. Салдарынан бір адам қаза болып, екеуі жараланды.

Әзірге көз жұмған азаматтың денесі Әзербайжанға жіберілген жоқ.

Халафов кездесуде Қазақстан елшісіне Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің нотасын тапсырды.

Дереккөз:  sputniknews.kz

2 мамыр 2020, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.