18 сәуірде Атырауда полиция қызметкерлері күндіз төтенше жағдай ережесін бұзған 55 адамды, ал түнде 24 жүргізуші мен жолаушылар тасымалдаған бірнеше такси жүргізушісін анықтады.
Атап айтқанда, "inDriver" қосымшасы арқылы жеке тасымалдаумен, сондай-ақ сағат 20.00-ден кейін тамақ жеткізумен айналысқан үш жүргізуші ұсталды. Барлық құқық бұзушылар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Айтпақшы, бір сапар үшін такси жүргізушілері 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін ақы сұраған.
- Көлік құралын мас күйде басқарған үш жүргізуші де ұсталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (мас күйде көлік құралын басқару) бойынша хаттамалар толтырылды, - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фархат ӘБІЛОВ
ӨКҚ ұсынған суреттер