Атырау, 4 мамыр 01:37
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Мас болған канадалық азамат Атыраудан Еуропаға шыға алмады

3 211 просмотра

16 сәуір күні Атырау халықаралық әуежайында мас күйде болған Канада азаматы «Атырау-Амстердам» рейсінен қалдырылды.

- 16 сәуірде Атырау әуежайындағы желілік полиция бөлімінің кезекшісіне Air Astana өкілінен «Атырау-Амстердам» әуе рейсінің бортында құқық бұзған азамат жүргені туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Тексеру барысында мас күйінде болған 48 жасар Канада азаматы анықталып, ұшақтан шығарылды.

Наркодиспансерде экспаттың «жеңіл дәрежедегі» ішімдік ішкені анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу)әкімшілік хаттама толтырылып, сот канадалық азаматқа 5 АЕК (13 890 теңге) көлемінде айыппұл салды. Бұл жерде нақтылай кетсек, 1 сәуірден бастап Қазақстандағы ең төменгі айлық есептік көрсеткіш «ағымдағы жағдай ескеріліп», 2651 теңгеден 2778 теңгеге дейін көбейген.

Айта кету керек, бұл Атыраудан шетелдіктерді алып кетіп, қайтар жолда ҚР азаматтарымен оралатын жалғыз әуе рейсі. Қазақстанға келгеннен кейін олар карантинде болады. 

Фархат ӘБІЛОВ

18 сәуір 2020, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.