Атырау, 20 сәуір 09:22
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда бюджеттің тағы 10 миллиарды жоғалған

2 312 просмотра

23 қарашада өткен облыстық активте Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ жаңа лауазымдағы алғашқы 100 күннің жұмыстары оңай болмағанын мойындады.

Ол алдымен Қашаған жобасынан жұмысшылардың босатылуына қатысты өзекті мәселеден бастады. Жыл басынан бері құрлықтағы кешенде 3,3 мыңнан астам адам жұмыстарын жоғалтты, желтоқсанның аяғына дейін тағы 2,9 млн адам жұмыссыз қалмақ. Ал келесі жылдың басында теңіз кенішінен 5,5 мыңнан астам адам жұмыстан шығарылатын болады.

Ізмұхамбетовтің айтуынша, бұл мәселе, сондай-ақ, жобаның экологиялық аспектілері туралы итальяндық «Eni» мұнай-газ компаниясының президенті Джузеппе РЕККИМЕН және бас директоры Паоло СКАРОНИМЕН бүгінгі болған кездесу кезінде талқыланған. Бұл мәселелер премьер министр Серік АХМЕТОВТІҢ кешегі келген сапары барысында да көтерілген. «Eni» өкілдері 2014 жылы Солтүстік-Каспий жобасының келесі кезеңін жүзеге асыру барысында компанияның 4 мың адамды жұмысқа алатындығын мәлімдепті.

Бұрынғы басшылықтың «мұрасына» қатысты мәселеге келер болсақ, Ізмұхамбетов бүгінгі күні 10 ірі құрылыс нысандарының тоқтап тұрғанын хабарлады. Оларға қаржылық тексеру жүргізіліп жатқанына үшінші айдың жүзі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, тек осы 10 жоба бойынша мердігер компанияларға орындалмаған жұмыс көлемі үшін барлығы 10 млрд теңге аударылған:

- Қағаз жүзінде бұл жұмыстар орындалған жұмыстар ретінде белгіленген, ал кейбір құрылыс алаңдарында тіпті ешқандай жұмыстар басталмаған. «Атыраудағы киноконцерт залы» нысанында орындалмаған жұмыс көлемі үшін 770 млн теңгеден астам қаржы аударылған, ал Атыраудың сол жақ жағалауындағы канализациялық-тазарту қондырғысын салу үшін осылайша 6 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы «желінген».

Әкімнің айтуынша, бюджеттен мемлекеттік бағдарлама бойынша Атыраудағы көппәтерлі үш үйді салуға да қаржылар бөлінген, бірақ олар ақыры салынған жоқ. Осы үш нысандар бойынша материалдар сотқа жолданған.

Салынып бітпеген нысандар тонаушылар үшін де қолайлы болып отыр екен:

- Құрылыс материалдарын КАМАЗ-дарға тиеп тасиды, сосын оларды ұстап алады. Нысандардың аяқталмағанымен қоймай, оларды жергілікті тұрғындардың өздері тонайтын болған. Бұл деген масқара ғой.

 Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

24 қараша 2012, 23:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.