Атырау, 3 мамыр 07:26
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

12 емес, енді 104 аппарат болды

3 776 просмотра


«Атыраудағы коронавирус туралы тест-сұрақтар» жарияланымынан кейін, «AЖ» Атырау облысы әкімдігі өкілінен өңірімізде қазіргі уақытта қолда бар өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратының нақты саны туралы ресми түсініктеме алды.

Естеріңізге салсақ, мәліметтердегі сәйкессіздік осы «АЖ» сайтындағы жарияланымнан кейін белгілі болды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла ҒАЗИЗОВ 13 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыста 12 аппарат бар деп мәлімдеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сөздерінен үзінді келтірейін: «Бүгінде дәріханалар мен ауруханалар медициналық жабдықтармен жарақталған. Бұдан басқа, 12 ӨЖЖ аппараты бар...». Менің жарияланымым шығар кезде, яғни, 26 наурыздағы жағдай бойынша, ешкім бұл мәліметтерге қатысты талас тудырмады. Алайда, осы жарияланымнан кейін дереу ахуал өзгеріп кетті. Сол күні өткен брифингте облыста 104 аппарат бар деп мәлімдеді.

- 12 желдету аппараты сөздің ішінен алынған, - деп сендіреді ішкі саясат басқармасының бастығы Жасұлан БЕЙСЕМБИЕВ. – Бүгінде облыстың медицина мекемелерінде 104 аппарат бар, қазіргі уақытта олар 16 медицина мекемесінде: облыстық аурухана, №2 облыстық аурухана, облыстық перинаталды орталық, облыстық кардиологиялық орталық, облыстық онкологиялық диспансер, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері, қалалық перзентхана, теміржол ауруханасы, барлық орталық аудандық ауруханаларда шоғырланған.

Сол материалды дайындау барысында медицинада жасанды (мәжбүрлі) желдету аппараттары тыныс алу кенеттен тоқтаған кезде реанимация құралы ретінде; жедел тыныс алу жетіспеушілігі кезінде қарқынды терапия құралы ретінде; хирургиялық бөлімшелерде (анестезиологиялық препараттарды енгізген кезде) наркоз аппаратының құрамдас бөлігі ретінде жиі қолданылатынын білдім.

Облыс медиктерінің қолданысындағы 104 аппараттың 61-і - тыныс алу манипуляциясына, 43-і –наркозды- тыныс алуға арналған. Таныс отоларинголог дәрігер, қажет болған жағдайда, хирургиялық бөлімшелердегі аппараттар өкпенің ісіну қаупі болған кезде қалыпты оксигенацияны қамтамасыз ете алады дейді. Осылайша, 104 аппаратымыз бар деп сенім арта аламыз, бастысы бәрі дұрыс жұмыс істеп тұрса болғаны.

Бұдан басқа, аппараттар пациенттердің жасына байланысты қолданылады. Мен балаларға арналған аппараттың бар-жоғын нақтылауды өтіндім. Мұндай 34 аппарат бар, 21-і - тыныс алу, 13-і – наркозды аппарат екен.

Бейсембиевтің айтуынша, облыс басшылығы инвесторлар есебінен қосымша аппараттар сатып алуға жұмыстанып жатыр.

НКОК денсаулық сақтау мекемелеріне 6 аппарат сатып алып, табыс етті. Менің білуімше, олар Қазақстанда қалған соңғы аппараттар. Қазір тиісті медициналық жабдық өзіне қажет болып жатқан Ресейде бұл аппараттардың орташа бағасы (жиынтығына қарай) - 1,5-3 миллион рубль шамасында.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

29 наурыз 2020, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.