Атырау, 6 мамыр 17:00
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Кәсіпкерлер қолдауға қарық болмақ

1 826 просмотра

15 қарашада Құлсары қаласында Сауда және экономика министрлігі және «Даму» қорының қолдауымен кәсіпкерлерге қолдау көрсететін орталық ашылды.

Орталық, негізінен, кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау танытудың құралдары бойынша кеңестер беретін болады. Жекелей алғанда, бизнесмендер «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020», сондай-ақ, «Даму» қорының  барлық қаржылық және қаржылық емес бағдарламалары бойынша ақпараттар ала алады. Қазақстанда осындай 16 орталық ашуды жоспарлап отыр,  әзірге олардың саны үшеу:  Астанада, Шымкентте және жақында Құлсары қаласында ашылды.

- Орталық бұл жерден моно-қалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес ашылып отыр, -дейді  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Атырау филиалы директорының орынбасары  Ақан ҚАЙЫРҒАЛИЕВ. - Аймақтарда кәсіпкерлерге кешенді қызмет ұсынатын үш деңгейлі жүйені енгізу көзделіп отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 қараша 2012, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.