Атырау, 28 сәуір 12:11
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

80 мың жолаушы «көлеңкеден» шықты

4 081 просмотра


Тәулігіне 100 мың адам - электрондық билеттеу жүйесі арқылы қадағаланған Атырау автобустарындағы жолаушылар ағыны осындай.

Бұл жүйе мұнайлы астанада өткен жылдың қазан айынан бастап іске қосыла бастады. Бүгінде 180 мыңнан астам қала тұрғыны smart-карталарды белсенді қолданады. Оның ішінде 80 мыңы - азаматтардың жеңілдетілген санаттары: мектеп оқушылары, зейнеткерлер және т.б.

«SmartQala» ЖШС директоры Болат ЖАМАШЕВТІҢ айтуынша, электронды билеттеу жүйесі енгізілгенге дейін автобустардағы ресми жолаушылар ағыны тәулігіне 20 мың адам болған. Қалай дегенмен де, тасымалдаушылар осындай цифрды атапты. Ал наурыз айының басында бұл көрсеткіш 100 мыңнан асып кетті. 

Осылайша, жарты жыл ішінде 80 мың адам «көлеңкеден» шығарылды. Бұл тасымалдаушы компаниялардан түсетін салық түсімдерін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Сараланған тарифтің енгізілуі - Атыраудың қоғамдық көліктеріндегі жолаушылар ағынының нақты көлемін анықтауда үлкен рөл атқарды. 

Б.Жамашевтің айтуынша, Бақылау-тексеру қызметінің, Жергілікті полиция қызметі және қалалық әкімдік қызметкерлері жүргізген профилактикалық рейдтердің арқасында жолаушылар тасымалы анағұрлым ашық бола түскен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 наурыз 2020, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.