Атырау, 28 сәуір 00:53
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атыраудағы «Сергек»: айыппұл наурыздан бастап салынады

5 893 просмотра


Наурыздан бастап Атырауда жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге «ақылды» «Сергек» жүйесінің көмегімен айыппұл салына бастайды. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне Қазақстанда «Сергек» жүйесін орнатумен айналысатын «Көркем-Телеком» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады. Алайда аппараттық-бағдарламалық кешеннің бірінші кезегінің іске қосылатын нақты күнін атамады.

- Бүгінде монтаждау жұмыстары жалғасуда. Жоба кезең-кезеңімен: наурыздан бастап бірнеше ай ішінде іске қосылады, - деп хабарлайды «Көркем-Телеком» ЖШС-нің баспасөз қызметі. - Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты тіркейтін және айыппұлдар салынатын алғашқы кешендердің іске қосылғаны туралы қосымша хабарланады.


Бұдан бұрын «АЖ» хабарлағандай, Атырауда барлығы 2748 камера - жол қиылыстары мен желілік жол учаскелерінде 204 кешенді (1224 камера), 774 жалпы бақылау камерасы және 750 біріктірілген бұрылмалы камера - орнатылады. Сауда орталықтары мен басқа да халық көп жиналатын орындарда бейнебақылау камералары «Сергек» жүйесімен біріктіріледі.

Фархат ӘБІЛОВ

5 наурыз 2020, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.