Атырау, 6 мамыр 11:00
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жаңа басшы

4 005 просмотра


Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ бірқатар тағайындаулар жасады.

3 наурыздағы облыс активінің мәжілісінде Досмұхамбетов мемлекеттік сатып алулар жөніндегі облыстық басқарманың жаңа басшысын таныстырды – ол Бағытжан ТӨЛЕГЕН. 1985 жылы Атырауда дүниеге келген ол 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «шет тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шығады, 2010 жылы Атырау мұнай және газ институтынан техникалық білім алды, ал 2017 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы академиясын тәмамдады. Атырауда «Декор» компаниясында менеджер болып жұмыс жасады. Кейін сол компанияда басшылық лауазымдарда болды. 2017-2018 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жабдықтау және сатып алу бөлімінің басшысы болды, 2018 жылдың маусым айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін Маңғыстау облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.

 Активке сондай-ақ, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментінің жаңа басшысы Салауат МҰҚСИМОВ таныстырылды. Оның тағайындалуы туралы «АЖ» бұған дейін жазған болатын.

Тағы бір жаңалық – Атырау облысы әкімінің орынбасары Айбек КРАМБАЕВ өз еркімен отставкаға кетті. Бейресми мәліметтер бойынша. ол «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалады екен.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

3 наурыз 2020, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.