Атырау, 17 мамыр 06:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

«Юность» аялдамасы: бір жылда екі өлім

Бейнежазба
4 542 просмотра


6 ақпанда сағат 15:50 – де Азаттық даңғылындағы «Юность» аялдамасына жақын маңда 40 жастағы әйел адам өзін жайсыз сезініп, сол жерде көз жұмған.

«АЖ» мәліметтері бойынша, әйел гүл сататын дүкеннен шығып, көлікке жақындаған кезде кенет өзін жайсыз сезініп, бірден құлаған. Жедел жәрдем дәрігерлері қанша тырысқанымен оны өлімнен арашалап ала алмады.

Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері де келді. Өлімнің неден болғаны сараптама арқылы анықталатын болады.


Айта кетелік, осыған ұқсас қайғылы жағдай сол жерде осыдан бір жыл бұрын 2019 жылдың 14 қаңтарында болған еді. Дәл сол «Юность» аялдамасының маңында ер адамның жүрегі тоқтап, сол жерде қайтыс болған болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

7 ақпан 2020, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.